Ұят туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 95
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 40
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер: 22
Анекдот, әзілдер: 10
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Қызыл ет бітерҚызыл бет қалар
Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес
©  Самет Оқанұлы
Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді
©  Самет Оқанұлы
Ұяты бардың иманы бар
©  Самет Оқанұлы
Жақсымен дос болсаң, жетесің мұратқа,Жаманмен дос болсаң, қаласың ұятқа
©  Самет Оқанұлы
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі
©  Самет Оқанұлы
Итке ұят бітсе, өлексе жемес.Бұл мақал ұятты, ізетті болуға үндеп, адамдарды жаман қасиеттерден қашықболуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Ауыз жесе, көз ұялар.Бұл мақал біреудің затын сатып алған, яки жеген, бірақ оны қайтара алмай қиналғанадамдарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Аштық келгенде ұят кетеді.
Көздің тазалығын кірпік сақтаса, Жүректің тазалығын ұят сақтайды. 
Кедейлік-ұят емес; ұят-кедейліктен ұялу
Жақсы мен жетесін мұратқа Жәлеппен жетесін ұятқа
Ұялмаған бұйырмағаннан ауыз тиеді
Қатты адамда ұят жоқ,
Қайда барса мият жоқ.
©  Кенен Әзірбаев
Ұялмайтын бетке,
Талмайтын жақ береді.
©  Кенен Әзірбаев
Ұят қымбат, ар қымбат,Жаның сүйген жар қымбат. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Опасызда ұят жоқ,Ұятсызда опа жоқ. 
©  Әлішер Науаи
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.
Адам ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Білмеу - ұят емес,
Үйренбеу - ұят!
Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.
Тастақ жерде қияқ болмайды,
Сондай-ақ, тазда ұят болмайды.
Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.
Ит ұялса, тастаған сираққа да ұмтылмас.