«Шаңырақ» қауымдастығы және әртүрлі жастағы оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу
«Шаңырақ» қауымдастығы және әртүрлі жастағы оқушылар
арасындағы өзара әрекеттесу
«Шаңырақ» мектеп қауымдастығы Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмысының басталуымен құрылды. Қауымдастық жеке тұлғаны, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, мектеп ұжымында өзара әрекеттесу қабілетіне ықпал ететін мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алды.
Педагог-ұйымдастырушы-куратордың бір «Шаңырақтағы» 2 сыныппен жұмыс жасау қызметіне кіреді. Әр «Шаңырақтың» өз атауы, эмблемасы бар. Әр шаңырақтың бірлескен іс-шаралары мен атқарған жұмыстарының қорытындысы оқу жылының соңында шығарылады.
Орта мектеп (11-12сынып) мен негізгі мектеп (7-10сынып) оқушыларының мүмкіндіктерінің өзара толықтырылуы олардың оқу іс-әрекетінің тиімділігін арттырады. Әртүрлі жастағы оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік жеке тұлғаның санасы мен өзіндік санасын қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Мұнда оқушы жаңа ортаға бейімделу құралдарын, өзін-өзі тану және білімдерін дамыту, оқыту мен тәрбиелеу бағытында нәтижелерге жете алады. Төмен сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларының ақпараттарына қызығушылық танытады және олармен өзара байланыс жасауға, көбірек білуге және серіктестік ұстанымын алуға ұмтылады. Сонымен бірге оқушыларда мотивация, шығармашылық белсенділік және жинақталған тәжірибені жүзеге асырудағы дербестік деңгейі артады.
Өзара әрекеттестіктің табысты дамуы үшін оқушылардың қарым-қатынас жасауына және әртүрлі жалпы білім беру іс-шараларын өткізуіне жағдай жасау қажет.
Орта сынып оқушыларына , тәжірибе жинақтаған жоғары сынып оқушылары , оқу үрдісінде алған білімдері мен дағдылары және нәтижелерімен бөлісу арқылы үлгі бола алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың өзара мүмкіндіктерінің бірін-бірі толықтыруы арқылы олардың танымдық әрекетінің тиімділігін арттырады.
Куратор қызметінде жеткілікті тәжірибем болғандықтан, оқу үдерісіндегі жұмысымның оң нәтижелерімен бөліскім келді. Әртүрлі жас топтарындағы оқушыларына арналған оқу іс-әрекетін жүзеге асырудың тиімділігін қамтамасыз ететін осындай өзара әрекеттестіктің тәрбиелік әлеуетін атап өткім келді .
Менің кәсіби даму мақсатым : «Әр түрлі жастағы оқушылар арасындағы білімділік, тиімді қарым-қатынас» . Оқушыларға ынтымақтастыққа мүмкіндік беру және олардың өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бірлескен куратор сағаттары, «Шаңырақ» сағаттары, қайырымдылық акциялары және әртүрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.
Оқушылар үшін әртүрлі жастағы топтар арасындағы байланыс өте пайдалы тәрбиелік тәжірибе, байланыс болып табылады. Балалар жоғары сынып оқушыларынан ақпаратты тезірек үйреніп, есте сақтайды және олардан белгілі бір мотивация алады, алдағы уақытта олардың жетістістіктерін көріп, сол жетістіктерге өзідері де қол жеткізуге тырысады .
Орта білім беру мектептерінде де бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы сынып жетекшілері де әртүрлі жастағы оқушылар арасындағы өзара байланысты қолдана алады. Сонымен бірге әріптес ретінде байланыс барысында, сынып жетекшілерге де жұмыс жасауға тиімділігі көп.
Абдикаликова Гаухар Маратовна
педагог-ұйымдастырушы-куратор
Астана қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?