Кенен әзірбаев туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 43
Туындылар: 6
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1

Дегбірсіз ат сілкінгіш,
Дегбірсіз ақын жұлқынғыш.
©  Кенен Әзірбаев
Ақындардың айырмасы бар,
Ән мен күйдің қайырмасы бар.
©  Кенен Әзірбаев
Шын сүйгендер жоққа шыдар,
Азаптау мен оққа шыдар.
©  Кенен Әзірбаев
Бір ағашта қанша бұтақ,
Біреуі ғана қамшыға сап.
©  Кенен Әзірбаев
Ұялмайтын бетке,
Талмайтын жақ береді.
©  Кенен Әзірбаев
Адамның мінезі әр түрлі,
Ел біледі нарқыңды.
©  Кенен Әзірбаев
Кесірлі адам кер болады,
Кемеңгер адам кең болады.
©  Кенен Әзірбаев
Озбайтын ат ұрыншақ,
Ұзамайтын жігіт ұрысқақ.
©  Кенен Әзірбаев