Арғымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 56
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 2

Арғымақ аттың белгісі –аз оттар да көп жусар,Асыл адам белгісі –аз сөйлер де көп тыңдар
©  Самет Оқанұлы
“Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.”
©  Самет Оқанұлы
Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?!
Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.
Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.
Ақылды кісінің белгісі—
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі—
Аз оттап, көп жусайды.
Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.
Арғымақтың белгісі - аз оттап, көп жусайды.
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.