Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Сынамаса алданар,Сақтанбаса ұтқызар.Бұл мақал əрқандай істі алдын ала сынап көруге, бақылап алуға үндейді.
© Түркі халықтары
Шалбары бүтін (жан) қалаған жеріне отырар.Бұл мақал жаны таза, ісі адал адамға ешқандай қиыншылық тосқауыл бола алмайдыдеген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Жуаспенен ұрыс,Ұятсызбен ұстаспа.Жуас ауырыңды көтереді. Арсыз сені масқара етеді деп ескертеді бұл мақал.
© Түркі халықтары
Су ішкізбеске сүт бер.Бұл мақал жамандық жасаған адамға жақсылық жасауды насихаттайды.
© Түркі халықтары
Құралын ұмытса, тұтқын болар.Бұл мақал əрқандай іске дайын болуға үндейді.
© Түркі халықтары
Мақтаншақ дамбалын былғар.Бұл мақал мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.
© Түркі халықтары
Қураған ағаш иілмес,Қураған шыбық түйілмес.Бұл мақал көп қолданылып, ескірген зат орнына қайтып келмейді деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Шөліркеген (жанға) сағымның бəрі су көрінер.Бұл мақал аса қажетті əр нəрседен өзқажетін үмітпен күте береді деген мағынадақолданылады.
© Түркі халықтары
Екі бура үйкенісер,Ортасында сона жаншылар.Бұл мақал екі бек ұрысса, арасындағы адам жапа шегеді деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Отты жалынмен өшірмес.Бұл мақал арамзалықты пасықтықпен емес, ақылмен аяқтау керектігіне арналады.
© Түркі халықтары
Күміс күнге қонса,Алтын (өз) аяғымен келер.Бұл мақал негізгі мақсатқа жетуүшін мал мен ақшаны жұмсау қажеттігіннасихаттайды.
© Түркі халықтары
Тасты қозғауға болмаса, сүю керек.Бұл мақал адам ойлаған мақсатына жету үшін кішіпейіл,инабатты болу керек депнасихаттайды.
© Түркі халықтары
Бала емізетін қатын ашқарақ болар.Сондықтан оған қалаған тамағын беру керек дейді мақал.
© Түркі халықтары
Батыр жігітті қорлама,Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма.Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады.
© Түркі халықтары