Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Өтірік өрге басқызбас
©  Самет Оқанұлы
Жақсының жақсылығын айт,Нұры тасысын
©  Самет Оқанұлы
 Басы ауырып, балтыры сыздамағанныңТәңірменен ісі жоқ
©  Самет Оқанұлы
Бетің былғанса, су тазалайды,Арың былғанса, не тазалайды?!
©  Самет Оқанұлы
Тура биде туған жоқ,Туғанды биде иман жоқ
©  Самет Оқанұлы
Тек жүргенше тегін істе
©  Самет Оқанұлы
Жақсыны жақтай жүр,Жаманды жасқай жүр
©  Самет Оқанұлы
Сөзшең едім деп өсекшіл болма,Ақылды едім деп жетекшіл болма
©  Самет Оқанұлы
Қарыз,Қарызды қайтару – парыз
©  Самет Оқанұлы
Адал көршісі бар – алаңсыз ұйықтайды
©  Самет Оқанұлы
Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,Жақсының сөзі мейір қандырғандай
©  Самет Оқанұлы
Ұрыс ырысты қашырар,Ынтымақ халықты асырар
©  Самет Оқанұлы
Үмітсіздік – шайтанның ісі
©  Самет Оқанұлы
Ата-ананың ақылы,Сайрап жатқан жолмен тең.Ақылдының ақылы,Сарқылмайтын көлмен тең
©  Самет Оқанұлы
Бейнет түбі – зейнет
©  Самет Оқанұлы
Кісі – білмегенінің жауы
©  Самет Оқанұлы
Жақсымен сөйлессең,Балға шекер қатқандай.Жаманмен сөйлессең,Итке сүйек атқандай
©  Самет Оқанұлы
Сыйласқанға не жетеді,Сөйлескеннен нең кетеді 
©  Самет Оқанұлы
Ақ пен қара жарысар,Аққа Құдай болысар
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық қыл, міндет қылма
©  Самет Оқанұлы
«Қайғыны қайратты жеңеді
©  Самет Оқанұлы
Су да төмен қарай ағады,Кішіпейілділік адамға жағады
©  Самет Оқанұлы
Үлкенге – құрмет,Кішіге – ізет
©  Самет Оқанұлы