Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қатал әміршінің үстемдігі ұзаққа бармас.
Жар таңдасаң көзіңе сенбе,Жұрттың айтқан сөзіне сен.
Ақылды саудагердің ақшасы базарда.
Төс болғанша, балға бол.
Оңбаған құс өз ұясына өзі саңғиды.
Жүйрік болсаң, шауып көр
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
Белдессең – бекем бол.
Спорт – бейбітшілік елшісі.
Балапан басынаТұрымтай тұсына.
Барар жерің Балқан тау,Ол да біздің көрген тау.
Заманың қалай болса,Бөркіңді солай ки.
Келме кезек, терме тезек.
Заманына қарай күлкісі,Тауына қарай түлкісі.
Заманына қарай амалы.
Жасы бір құрдас емес,Заманы бір құрда
Тентекке тілмәш не керек?!
Ердің уәзірі-әйелі.
Перзент-белге қуат.
Тесік құлақ естімей қалмас.
Адамның жүзі аптаптан ыстық.
Ай түнде керек,Ақыл күнде керек.
Ақыл өлшемі-парасат.
Өнер түбінде өнер бар.
Көкке қарама, көпке қара.