Саудагер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 1

Іс ыңғайына (қарайды),Сарт пайдасына (қарайды).  Саудагер пайданы көрсе, ең қымбат затын да сатып жіберетінін ескертеді бұл мақал.
©  Түркі халықтары
Сарттың азығы адал болса,Жол үстінде жер.(Сарт – саудагер).Бұл мақал өзін адал, таза санап, кеудесін керетін кісілерге арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Саудагер алтыннан үй салса да,Тиын санағанын қоймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Саудагерде қырық кісінің ақысы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ақылды саудагердің ақшасы базарда.
Бай саудагер болып ата-анамды ұмыттым.
Саудагер асыл затын жол үстіне де жаяр.
Саудагер базарын сатады,
Делдал ажарын сатады.