Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Шапырашты дегенің некесі жоқ,Өзі сары келеді, шекесі жоқ.
Керейден ұл туса,Ағашқа күн туады.
Танысаң – адайыңмын,Танымасаң – құдайыңмын.
Ас бұзылса – тұз түзейді,Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
Судың терең, саязынАғысынан білерсің.Аттың жақсы, жаманынШабысынан білерсің.
Мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер
Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді.Нұрсұлтан НазарбаевҚызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.Мұхтар ӘуезовҚарада да қара..
Шашпа бекер барыңды,Таусылса өзім табам деп.Іркіп ұста малыңды,Сенбе елден алам деп.
Түнгі су — ну,Күндізгі су — бу.
Сүмбіле туса, су суыр,Таразы туса, таң суыр.
Бағбан өлсе бақ жетім,Құлан кетсе қақ жетім.
Өзгенің аты өрге шапса да алқынбас.
Маңырасаң, қасқыр жеп қояды,Маңырамасаң, қойшының өзі сояды.
Қорлық тірліктен қыршын  кеткен артық.
Асыл текті балапан ұясында ән салар.
Соғысқа соғыс қана  тойтарыс береді.
Қырсық  шалған қыздың өз үйінен күндес шығады.
Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.
Құрғаса батпақ алабы,Ылғалы бірақ қалады.
Анасы мақтағанмен қыздың бағасы артпайды.
Қолыңда  барды қадірле,Жиярсың сонда бәрін де.
Ең алғаш олжа тауыпты:Тал түсте шырақ жағыпты.
Айдай әлемнің ақылдығаӨз еліндей жақындығы.
Иесі мақтаған ат озбас.
Азған ұрпақ арғы тегімен бұлданар.
Пасық паң келер.