Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  1393


Автор: Есенқұл ЖАҚЫПБЕК

ТЫНЫШТЫҚ

Тыныштықта тау мен дала шүрілдеп,
Терең сайда жатыр өзен гүрілдеп.
Тыныштықты бұзбаса екен деп біреу,
Жан жүрегім отырғаны-ай дірілдеп.
Біздің жақта қысы-жазы күн ыстық,
Біздің жақта мәңгі-бақи ырыс-құт.
Қадіріңді ұқпайтұғын бәз біреу,
Қасиетіңнен айналайын тыныштық.
Тіршілікте алыстық та жұлыстық,
Тыныштықтың не екенін ұмыттық.
Өз анаңдай маңдайыңнан сипаған,
Айналайын мейіріміңнен тыныштық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ләйлә
Ләйлә 10.02.2026 10:12
Әдемі өлең , осыны мектепте апайға айтып беремін , мәнерлеп . Мен мектеп жасы болғандықтан 6 сынып осыны жатттаймын.
Дархан
Дархан 20.02.2024 20:50
Бул өлең жолы кімге арналған,жәнеде не үшін жазылған?

Пікір жазу