Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Рза Қунақова

ТҰРАҚСЫЗҒА

«Өмірден іздегенім өзің, – дедің, –
Сен, сəулем, бұл ақырғы сөзім», – дедің.
Шарқ ұрып, тына алмадың, тұра алмадың,
«Жетпейді тұрақтауға төзім», – дедің.
Білемін қиналдың да, жүдедің де,
Тулады, басылмады жүрегің де.
Гүліңді үздің бір күн арман еткен,
Ақыры жеттің, құрбым, тілегіңе.
Сендегі отты сезім сөнді бірақ,
Болмады қуаныштың өмірі ұзақ.
Кеттің сен соңына еріп бір сылқымның,
Тек жарың жалғыз қалды жалғызсырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу