Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  59


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ҚҰЛАЗУ

Шаттығым күнде ұрланды,
Жасырын бір мұң қалды.
Алқасын айдың әсем,
Аспан мен түн қызғанды.
Тірліктің әр сынағы,
Жасысам қамшылады.
Қарашық тұнбалары


Жанардың тамшылары.
Белгісіз із-дерегі,
Күреңдеу күз келеді.
Қалқаның қалды қайда,
Еркелеп «сіз…» дегені?
Жүрекке мұң сіңеді,
Көңілім түршігеді.
Үзілген сабағынан,
Жапырақ күрсінеді.
Табиғат аптабынан,
Жылулық ақтарылған.
Сағым бел сыр шертеді,
Балалық шақтарымнан.
Деймін де өмір-жалған,
Артамын сенімге арман.
Ешкімге өкпем де жоқ,
Бәрінен көңіл қалған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу