Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  186


Автор: Досан ЖАНБОТА

БАРАДЫ ӨТІП БІР ДƏУІРДІҢ ПЕРІШТЕСІ

Барады өтіп бір дəуірдің періштесі алдымнан,
Асыл мүсін құйылғандай көрінетін алтыннан.
Аршын кеуде сынық арба секілді, қара шашы
ақ қырау, қажытыпты-ау, уақыт деген ант ұрған!
Жылжып келет жүдеу өңі, жүреді əлде, тоқтай ма?
Нұрлы дидар қоңырқай, əжім басқан мап-майда.
Жалт қараса жайраңдап жалын шашқан найзағай,
Жанардағы сырлы, сұлу жалтылдаған от қайда?!
Бəрі де жоқ, бəрі де жоқ не болғанын кім білген,
Бар жігіттің басы айналған сенің əсем күлкіңнен.
Қызғалдақтай құлпырған өткен күнін еске алып,
Қиғай қарап құрбыма əр қиялда тұрдым мен.
Өтіп кетті бір дəуірдің періштесі, пенделігі не керек,
Баршаға ортақ күн барады қия көкке өрмелеп,
Біз өзгерсек өзгерерміз, өмір көші тоқтамайды əнеки
Зуылдайды думандатып дүйім жұртпен дөңгелеп.
О, Құдірет күштісің ғой, айтып-айтпай не керек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу