Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
139
ЖАЗЕКЕҢ
Қанша қыс, қанша бораннан,
Аман-есен оралған.
Қос шырағы бүтін де,
Табыла берген жолы алдан.
Ел ырысын бағумен,
Еңкейгенше күні өткен.
Күндіз серік сағыммен,
Түнде жұлдыз түнеткен.
Мойынқұмның иесі,
Секілденіп бір өзі.
Бар адамдай киесі,
Батпан ауыр мінезі.
Ақтылы қой – даланың,
Толқындары жүйткіген.
Қой соңында бабаның,
Жігіт жүзі күп-күрең.
Бұл да əулие – бір ата,
Ел есімін шығарған.
Ең шалғайда, жырақта,
Осындай-ақ туар жан.
Ауылында тұлғасы,
Мыстан берік құйылған.
Кім кəрісі, кім жасы,
Күнде соған жиылған.
Көрмейді өзі дамылдап,
Келеді əне төтелеп.
Қос жұлдызды тағып ап,
Қос перзентін жетелеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇