Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
182
Жалғыз
Көктем келсе көктің орынын – көк басар,
Жалғыз аяқ сүрлеулерді шөп басар.
Жақсы қайда жалғыздарға жақтасар,
Жалғыз өлсе жалғызды кім жақтасар,
Жалғыз аяқ сүрлеулерді шөп басар.
Жүйріктерді мақтасамыз терлеген,
Жалғыз қара келсе егер бәйгеден.
Жалғыздарды тұяғы жоқ артында,
Жампоз болсын мүсіркейтін кейде мен,
Жалғыздардың сөзін кімдер сөйлеген?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter