👈 қаріп өлшемі 👉

Мерғали Ыбыраев

Мерғали Ыбыраев (1942–1997)

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл кентінде туған.

Семей педагогикалық институтын бітірген (1965). Ауылдық мектептерде мұғалім, Абай ауданында «Совхоз туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Семей облысы бойынша меншікті тілшісі, 1979–1997 жж. «Семей таңы» газеті мен қайта шыққан «Абай» журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Өлеңдері мен поэмалары республикалық газет-журналдарда жарық көрді. «Темір тұлпар», «Өнегелі өркен», «Судағы сәуле», «Күміс тау» өлең жинақтарының авторы. Соңғы кезде екі томдық «Жоғалған өзен» атты романын жазып қалдырды. Оның «Шәкәрім» пьесасы 1989 жылдан бастап Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында қойылып келеді.

Көптеген әндердің авторы. «Қалқаман-Мамыр» спектаклінің музыкасын жазған.

Б.Кенжебаев атындағы республикалық сыйлықтың иегері.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ән

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы