Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
144
ҚАЙРАН ҚАЛАМЫН
Қайран қаламын!
Қалай өмір сүреді кейбіреулер,
Тебіренбей, толқымай, ғашық болмай,
Арнасынан бұрқанып тасып-толмай.
Мазмұны бай кітаптың «Тірлік» атты
Соңғы бетін жабуға асыққандай.
Аулақ жүріп істерден күш тілеген,
Жүгіреді ауырдың үстіменен.
Мың құбылып тұрғанын көрген сөтте
Мұздап қоя береді ішкі дүнием.
Қалай өмір сүреді кейбіреулер?
Қайран қаламын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter