Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  70


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ШАҒЫМ-ЭТЮД

Мамық батты жамбасқа,
темір төсек – шөгеді.
Екі қолымнан басқа
таянышым жоқ еді.
Соның бірін,
жаңылып
алмақ боп ең бір рет,
сол ниетіңді әлі ұмыт
етпедің бе, құдірет?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу