Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  165


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Дірілдейді дүниенің діңгегі

Дірілдейді дүниенің діңгегі
Тағанынан тайғандай,
Солақай жел
Солқылдатып іргені,
Үзікті үзді
Бейқам қалған байланбай.
Жалған тірлік
Жаға-жеңі кірледі,
Әжім басып,
Қатпарланды ай маңдай.
Сенің дағы
Ақ ниетің былғанып,
Аунап жатыр шалшықта.
Жалған дүние жатырында жынданып,
Айналғанда балшыққа...
Тілің,
Ділің,
Дінің– бәрі тұлданып,
ілініп тұр талшыққа.
Ендігісі көк жасық пен аш-арық
Сіңіріне ілінген,
Сілімтік күн сілекейге шашалып,
бүйрегінен бүлінген.
Кешегіні
Көзден кетті таса ғып,
Күдер үздің бүгіннен...
Дүниеден...
Дүние де түңілген,
Жар жағасы үгілген..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу