👈 қаріп өлшемі 👉

Серік Ғабдуллаұлы

Серік Ғабдуллаұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында 1937 – жылы 17-тамызда туған. Ел қатарлы орта мектепті аяқтап, ауыл шаруашылығында жұмыс жасап, отбасын құрғаннан кейін Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1966-жылы аяқтап шыққан соң Өскемендегі «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қызметке орналасты. Кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда кәсіби мамандығын ұштап, табиғи талантын таныта білді.

Өлең өлкесін жарты ғасырдан астам шиырлап, өзіндік өрнегін салған, сан алуан тақырыпқа қалам тартып, жүрегінің жалынын, шабытының шалымын, қайратының қарымын жұмсай отырып, айтарын ақтарған ақын Серік Ғабдуллаұлы – он бес шақты жыр жинағының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы