Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  92


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Туған ауыл...

Туған ауыл,
Тума-бауыр,
Жағдайы ауыр –
Болды жауыр.
Туған ауыл,
Сайқан-Сауыр,
Тидi ауыр
Мына дəуiр.
Туған ауыл,
Заман-дауыл,
Бүгiн кəмiл
Еттi кəуiр.
Туған ауыл,
Тума – бауыр,
Жағдайы ауыр,
Болды жауыр.
Мен қалада,
Халiм тəуiр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу