Нұрлан МƏУКЕН

Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) - 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — «Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді.

«Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. «Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Зерде» қайырымдылық қоры мен «Жұлдыз» журналының ұйымдастыруымен Н.Мәукенұлы атындағы жыр мүшәйрасы өтті.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ел