Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  109


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бiреуден iздеймiн жоғымды...

Бiреуден iздеймiн жоғымды,
Бiреуге беремiн барымды.
Алтын күз кезедi көгiмдi,
Алтын ай сезедi жайымды.
Елегізи күтемiн кiмдi мен?
Ертеңiм елтiген, еркiмдi ал.
Ойлы орман, орынсыз мұңды ма ең?
Төгiлтiп түзептi көркiн тал.
Шуағы жетiспес жаныма,
Тағдырым, қай жаққа тартасың?
Бастырмас бiр қадам маңына
Қайтемiн құлама-жартасын…
Қобалжып шешiмсiз дағдарам.
Тəуекел түбiнде тас жатыр.
Түк сезбей айтады таңдар əн,
Басыр жан, бас қатыр, бас қатыр…
Жоқ iздеп өтейiн, жолықпа.
Барымды берейiн бұлдамай.
Алтын күн сөнер деп қорықпа,
Жебейдi жаяулап жүрген ай…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу