Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2022
208
Хабарлап күз жеткенiн
Хабарлап күз жеткенiн
Жел күнмен алысуда.
Тырналар тiзбектерi
Барады көз ұшында.
Қош айтып мекенiмен
Құс бiткен барады ұшып,
Қиялдың жетегiмен
Мен жаттым дала құшып.
Сыр толы сағыныштай
Сарғайған кең дала да.
Жүрек те алып ұшпай
Соғады енжар ғана.
Сарғайып солып бәрi
Гүл толы атыраптар,
Аспанда қалықтайды
Желге ұшқан жапырақтар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇