Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2022
201
Оған қолы жетпеді
Ойсыз надан ойнап өлер жалғанмен,
Жə, ойнасын, ерікті.
Күнді көрмей көзін жұмып алғанмен,
Құрдымға кеп құлап түсті, не бітті?!
Күн күлімдеп сол баяғы тұрысы,
Жарқырайды, жанады.
Күн екенін мойындау ғой дұрысы,
Көзін жұмған өз шекесін жарады.
Қызғаныштан күннің бетін тырнамақ,
Оған қолы жетпеді.
Көзін жұмды көрмейін деп бір қарап,
Сорлы неме сорға батты, неткені?!
Күнді сүйсе,
Менше сүйсін, бұл Қазақ!
Бірін-бірі: – «Күнім!..» – десін шын Қазақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇