Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  248


Автор: Тортай Сәдуақас

АРИРАН

Ерлер қайда оралуға сөз берген...
Суаруда көк бұйратты далиған, –
Жарлар өксіп, жастар аққан көздерден, –
Адырында Ариран.
Ариран, Аририе...
Ер-азамат жатты аттанып бір тынбай,
Жабырқаған жылдар жылжып, дариға,
Гүл, жапырақ қурап жатты құлпырмай, –
Адырында Ариран.
Ариран, Аририе...
Өтіп жатты жылдар озып мұң басқан,
Көз аштырмай соққан боран, жауыннан, –
Өтіп жатты жылдар озып тынбастан, –
Адырында Ариран.
Ариран, Аририе...
Тағы да өксіп корейдің көп әйелі, –
Қайғыменен сыңсып шығып әр үйде ән,
 Чосон17 жатты тербеп ескі әуені, –
Адырында Ариран.
Ариран, Аририе...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу