Өлеңдер ✍️

  21.10.2021
  1303


Автор: Жібек Ысқақова

22-жас туған күнің құтты болсын!

Жиырма екі жасың да есік қақты,
Сыйлай берсін өзіңе  бар жақсысын.
Тілеймін  саған пәк сезім,  махаббатты,
Ғашықтықтың бал шырын,  ең тәттісін. 

Айдай болсын өмірің,  жайнай берсін,
Бұл-бұл құсың бағыңда сайрай берсін.
Әрбір күнің сәттілігін арнап саған,
Бақытқа толы күндерің орнай берсін. 

Жиырма екінің бесеуін жасай бергін,
Орындалсын арманың,  көңілдегін.
Ақ пен қара бір жүрген  бұл өмірде,
Қандай жағдай болмасын берілмегін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу