Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.10.2021
234
Бұрала басып
Бұрала басып,
Бұлқына қашып, балтəттiм,
Бұрыла берiп бұрымыңды еппен тарқаттың.
Жамалы гүлден,
Қамалы түннен аумаған,
Жаратқан ием /жар бола гөрсе/ жар таптым!
«Жар таптым!» дедiм...
Күбiрлеп қана мен iштен,
Естiдi мұны Елiгiм,
Қайтқан өрiстен.
Айна алдындағы керiлген кербез келiстi өң
Естiдi мұны Пейiштiң қызы – Перiштем!
Төгiлген бұрым жастыққа келiп жайылды,
Биқасам кеште бiлмекке менiң жайымды.
Қап-қара жаңбыр,
Қап-қалың бұлттың iшiнде
Аялай құшып, аймалай бердiм Айымды!
Өрiлген бұрым төгiлген кезде төскейге
Көмiлген көмбе көрiнбей көкей теспей ме?..
Тұнжыр көз түннiң жұтына қалған Жұмағы
Жуыса кеткен жұмбағын жұптың шешпей ме?!
Исраил Сапарбай жамалы гүл қамалы күн Исраил Сапарбай өлеңдері Періштем Исраил Сапарбай шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇