Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2021
199
Көмекшім
Ақша бұлттай ақ мамық бесігіңде
Ұйықтасын ақ ботам — келешегім,
Айта алмайтын сен әлі есімін де
Кейіпкермен ұзақ түн кеңесемін.
Шам нұрына шалықтап, езу тартып,
Жымиясың, кірпігің дірілдейді.
Шабыттанып мен сонда кетем шалқып,
Өмір сен боп — өлең боп күлімдейді.
Мақпал қара түңдерде маужыраған,
Мен жырлаймын елімнің тың істерін.
Өлкемдегі әрбір сай, тау, жырадан
Жыр-самал боп еседі тыныс-демің.
Сызат беріп сұлу таң көтерілді,
Түн сырының жоқ оған көмескісі.
Тек сен, ботам, сезбейсің екеніңді
Үлкен істің кішкентай көмекшісі.
Көмекші Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter