Тұрсынхан Әбдірахманова

Тұрсынхан Әбдірахманова (1921 жылы 5 қараша, Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кенті) — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ән

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы