Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  186


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әйекеш

Әй!
Әйекеш көркің сұлу — бекзияда,
Даңқыңды жіберейін жер қияға.
Бетің ай, белің қылдай, асыл еркем,
Қалайша тудың екен дүнияға?

Қайырмасы:
О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау.

Қара көк қайда бармайды, бос жіберсем,
Тоямын қызығыңа көз жіберсем.
Қалқатай, не деп жауап қайырарсың,
Қарлығаш қанатынан сөз жіберсем.

Қайырмасы:
О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу