Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  319


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жан сәуле

Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда
Көрегенде нұр жүзіңді тқзе алдым ба?!
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!

Өзгеге қайтіп сені қия аламын,
Бір өзің жүрегімде ұяладың.
Күн болшы аспаныма,
Нұр толсын жас жаныма.
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Әлемді әнмен таңданта,
Шырқашы, сәулем, жан қалқа!

Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын,
Махаббат белгісіндей әнің қалсын.
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің.
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бауыржан Жылқыбаев
Әні бар. Әні: Нұрғиса Тілендиев Сөзі: Нұтфолла Шакенов Ән Роза Бағлановаға арналған. Әнді алғаш орындаушы да Роза Бағланова. Роза Бағланованың оы ән туралы естелігінің видеосы да бар. Бұл әнді кезінде Байғали Досымжанов та айтқан.

Пікір жазу