Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  136


Автор: Анар Шамшадинова

Жан aпa, ұлғайды жарам

Жан aпa, ұлғайды жарам,
Басыңа жаз келе барам.
Шашымнан сипашы келіп,
Санам сұр, садақам сараң.
Ақылым ашыған айран,
Ғұмырым шарасыз шалған.
Құмарлық салғанда тайраң,
Сезімім панасыз қалған.
Күндерім күлкіні ұмытып,
Түндерді жаман түс билеген.
Көңілді қиялым жылытып,
Өмірге басын имеген.
Тым ерте озып қатардан,
Жан апа, жоғалған арман.
Сен емес, келді сапардан,
Бантигің көгалда қалған.
Жан апа, кешір мұңымды,
Сен жоқсың шырқым келмейді.
Сағыныш ойран сап бұрымды,
Қысқы түн ұйқы бермейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу