Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  235


Автор: Айтқали Нәріков‎

Шопан

Aта кәсіп тy алыстан бас алған,
Бұл күнде оның тұр-мазмұны жасарған.
Шопан болып жүрген құрбы-құрдасқа,
Мен қызыға қарап келем қашаннан..
Жасыл жайлау, қиялымды тербейсің,
Көңіліме бір тыныштық бермейсің.
Қайда барсам қой өргізген жас жігіт,
Ақсақалды аталарды көрмейсің.
Ақыныңды шопан «көзге ілмеген»,
Киімі анау - үлде менен бүлдеден.
Қаладағы кеңестерде ол тағы,
Суырылып сөйлеп тұрар мінбеден.
Ақын. Шопан. Айту қиын бөлектеп,
Бұл жөнінде жаза берсем дерек көп.
Бір шопан дос бүгін мені ұялтты,
Бір жырымды қайта жазу керек деп.
Мен осылай ойда жоқта от алдым,
От алдым да, ойды өлеңге қотардым.
Қаламымның қасиеті артады,
Қатар қойсам таяғымен шопанның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу