Өлеңдер ✍️

  28.03.2021
  13312


Автор: Мұқағали Мақатаев

Өмір жайлы

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

??????
?????? 15.03.2026 20:48
Өте жвалсдмдсдсдсда
Жази
Жази 01.03.2026 21:49
2026 хай
котыбар
котыбар 05.02.2026 20:39
сосали
Нұрасыл
Нұрасыл 25.10.2025 18:25
Жақсы өлең
Альмира
Альмира 11.02.2025 11:05
Бұл өлең әсерлі керемет өлең жоддары маған қатты ұнады
Данияр
Данияр 23.01.2025 20:13
??
Гүлназ
Гүлназ 23.01.2025 01:39
Өте әдемі әрі әсерлі өлең жолдары маған өте қатты ұнады

Пікір жазу