Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
27
Пендеңнің кем-тар шағы бар
Пендеңнің кем-тар шағы бар,
Жаратқан Ием,
Сиындым.
Іздегенім оңай табылар –
Түйінін шешсең қиынның.
Жарылқа жарық күнімше,
Қашаннан мол-ды қазынаң.
Тектіңе тырнағы ілінсе,
Жаңылмас жүрек сазынан.
Сарғайтып
Сары алтындай
Жеткізермісің мұратқа?!
Бұлағы жырдың сарқылмай,
Бұрқансын –
Ақынды жылатпа!
Көзінің жасын көр,
Құдай?!
Қайтарып жоғын бер,
Құдай?! –
Құлың боп өле-өлгенше,
Қолдаушым өзің дер,
Құдай!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇