Шығармалар ✍️
Жасанды интеллект оқушыға көмек пе, әлде дайын жауап көзі ме?
XXI - ғасыр нағыз цифрлық дәуір десек қате айтпағанымыз. Соның ішінде жасанды интеллект адам өміріне лезде еніп үлгерді.Бүгінде жасанды интеллект тек ғалымдардың зерттеу нысаны ғана емес, оқушылардың күнделікті оқу құралына айналып бара жатыр.Оқушы тапсырма орындарда немесе ақпарат іздену сәтінде осы технологияға жүгінеді. Бұл құрал балаларға білім алуға көмектесе ме, әлде дайын жауапқа үйретіп жатыр ма?
Осы орайда көпшілік екі тарапқа бөлінді.Бірі бұл оқушыларға білмегенін үйрететін, біліміне көмек салатын технология десе, бірі балаларды дайын жауапқа үйретіп, ізденісті тоқтатын технология дейді.
Жасанды интеллекттің пайдалы тұстары баршылық: ол оқушыларға пайдалы ақпаратты тез табуға, күрделі сұрақтар мен тапсырмаларға көмектеседі. Яғни оқушыға түсінбеген тұсын оңай түсіндіруге, білмейтінін білуге жол ашады. Ал кейбір оқушылар өз білімдерін арттыру мақсатында, жасанды интеллектті пайдалана отырып өз білімін екі есе толықтырып алады. Бұл дегеніміз- технологияның білім саласына әкеліп жатқан оң өзгерістерінің бірі. Осыдан-ақ әлемнің жаңа деңгейге көтереліп жатқандығын білеміз.
Алайда мамандар жасанды интеллект оқушыларға пайдасын ғана емес зиянын беретіндігінде айтады. Ол оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетіне зиян тигізуі әбден мүмкін. Халықаралық зерттеулерде оқушылардың 60–70%-ы үй тапсырмасын орындағанда жасанды интеллект құралдарын қолданатындығы мәлім.Кейде оқушылар дайын ақпаратты көшіріп алып, берілген тапсырманы толық түсінбей қалады. Тіпті интернетті ақпараттардың барлығы бірдей дұрыс бола бермейді.
Жасанды интеллект ол оқушы орнына ойлайтын құрал емес, жасанды интеллект ешқашан адам орынын баса алмайды. Ол тек білім алуға көмек беретін көмекші құрал болуы тиіс. Егер оқушы осыны саналы түрде қолданса, онда жасанды интеллект қоғамда білімге көмек беретін ең жақсы құралдардың бірі болар еді.Сондықтанда жасанды интеллектті дұрыс әрі пайдалы тұсын қолданған жөн. Оны дұрыс жолмен пайдалану сіздің өз қолыңызда.
Автор:Гүлім Едігеева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇