Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
178
"Өлең оқып бер!" деп сұрама
О, сұлу қыз,
Білгеніңмен атымды,
Аңыз қылып айтсаң-дағы даңқымды.
Талай таңдар ой үстінде атылған,
Бұзбау үшін өлең жазу салтымды.
Өтінішің орындалмас бүгінгі,
Ақ ниетім осы тұста сүрінді.
Сұлу көрсем, тіл байланып қалатын,
Ішке тығып, жүректегі үнімді.
Кешір, сұлу!
Жыр оқуға қысылам,
Қысылғанда не мән шығар сырымнан.
Сен оданша парақшама кіріп шық,
Тану үшін мені әрбір қырымнан.
Сұлу!
"Өлең оқып бер!" деп сұрама,
Тілім-шорқақ, мені біреу ұға ма?
Тағдырымды айтқызбай-ақ оқып шық,
Үнсіздікпен түсінісу - күнә ма?..
Ештеңесі жоқ, оқып ал, керегін,
Сонда жатыр өмірлік көп дерегім.
Сыйлас болсаң, жан-дүниемді түсінсең,
Жалғанның бар жақсылығын беремін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇