14.03.2024
  178


Автор: Рамазан айы

Сұрақ: Тарауық намазы қалай оқылады?

Жауап: Имам құптан намазынан кейін жамағатпен жиырма рәкағат намаз оқиды. Жиырма ракағат оқу көпшілік ғалымдардың көзқарасы[12].


Әс-Сәиб ибн Зайд былай дейді: «Омар, Осман және Алидың халифалық тұсында тарауықты жиырма ракағат оқыған»[13]. Тағы бір риуаятта: «Жиырма үш»[14], – делінген. Үш ракағаты – үтір намазы.


Ал имам Мәлик Мәдиналық тұрғындардың оқыған тарауықын алға тартып отыз алты ракағат оқылады дейді. Имам Мәликтің келтірген дерегі дәлел ретінде жарамайды. Өйткені Мәдиналықтар әрбір тәруиханың (демалыстың) арасында жеке-жеке төрт ракағат намаз оқиытын, ал Меккеліктер қағбаны жеті рет тауаф жасайтын. Бұған ешқандай тыйым жоқ. 


Тарауық намазының әр ракағатында «Фатиха» сүресінен соң бір қысқа сүре оқылады. Кейбір ғалымдар «Піл» сүресінен бастап айналдыра оқиды. Адам рәкағат санынан шатаспас үшін осылай оқыған жақсырақ дейді[15]. Рамазан айы ішінде Құранды басынан бастап, аяғына дейін толық бір рет оқып шығу – сүннет.


Тарауық намазын әрбір екі рәкағатта сәлем беріп[16], бес тәруиха – демалыс жасайды. 


Тарауық намазын оқу үшін мешітке келген адам алдымен құптан намазын оқиды, одан соң тарауық намазына қосылады. Тарауық намазының қалған рәкағаттарын және үтір намазын кейін өзі жалғыз оқып бітіреді. Тарауық намазының қазасы оқылмайды[17].




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу