04.06.2023
247
Асқар таудай Әкелердің күнінде
Асқар таудай Әкелердің күнінде,
Бар жақсылық орнасыншы лайым.
Аман болып мейірімді Әкелер,
Ғұмыр кешсін ортамызда жоқ уайым.
Әкелердің жүздерінде нұр ойнап,
Бар жақсылық қуаныштар көбейсін.
Саулықтары әрқашанда мықты боп,
Жаратқаным қиындығын бермесін.
Әкелерім қуаныштан, шаттықтан,
Бақытты боп ортамызда жүрсін тек.
Құтты болып Әкелердің күні бұл,
Жүрсінші тек Әкелерім күлімдеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇