Көрікті қыс

 Көрікті қыс

Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.
Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.

Барысы: Қайырлы күн балалар!
Алтын күн, жер анаға өзіңсің
Мейірлі шуағын төгіп тұр,
Біздің де жан дүниемізге жарық
Сәулесін шашып тұр, кәне біз де бір - бірімізге өзіміздің жүрек жылуымызды сыйлайық.
Балалар: (Балалар дөңгелек жасап тұрады)
Қайырлы таң – Алтын күн!
Қайырлы таң – Көк аспан!
Қайырлы таң – қонақтар!
Қайырлы таң – достарым!
(Балалар отырады)

Тәрбиеші: Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
Қыс айларын қалай атаймыз?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Балалар сендер орманға барғыларың келе ме?
- Иә.
- Ендеше мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын соның көмегімен біз орманға барамыз.
-(Кәне бәріміз көзімізді жұмамыз)
- Міне орманға біз келдік. Орманнан нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауабы: Ақ қар, шыршалар, ағаштар.
Тәрбиеші: Балалар кім қар, қыс туралы тақпақ айтады?
Айша: Қыс дегенің аққала
Үлбіреген мақта ма,
Тыным таппай күн ұзақ
Тұрғызады аққала.
Ерман: Аппақ, аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
Аппақ көше, бар дала
Аппақ ой мен қыр аттар,
Ақ шатырлы қар қала
Ақ жамылып тұр бақтар.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы шыршаның түсі қандай?
- Жасыл
- Шыршаның бойы қандай?
- Аласа, биік.
- Орманда тағы нелер бар?
(Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады)
Қоян: Ой, сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе қоян. Біз орманға саяхатқа келдік.
Тәрбиеші: Балалар біз қоян туралы өлең тақпақтар білеміз бе?
- Білеміз.
- Кәне кім айтады?
Аида: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүреді.
Батырша: Мен қоянмын, қоянмын
Аппақ қарға бояндым
Достар тағы келер деп
Ертеменен ояндым.
Балалардың барлығы «Ақ қоян» тақтағын айтады.
Қоян: Ой, балалар қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: Жарайды, қоян бізбен бірге жүре ғой
- Балалар мынау не?
- Ағаштар.
- Ағаштарда жапырақтар бар ма?
- Мынау ақ болып тұрған нелер?
- Бұлар ақ қарлар.
- Мынау нелер?
- Суық торғайлар.
Тәрбиеші: Балалар оларды неге суық торғайлар дейміз?
- Өйткені олар қыстап қалады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар олар қыстайтын торғайлар.
Тәрбиеші: Балалар біз торғай туралы тақпақ білеміз бе?
- Білеміз.
Нұржігіт: Үйге кірші торғайым
Сары аяздан қорғайын
Үйшік жасап берейін,
Алдыңа жем төгейін
Күн жылынып қар кеткенде
Босататын көктемде.
Тәрбиеші: Торғай, торғай тоқылдақ.
Жерден тары шоқып ал, деп балалар торғайларға жем шашайық ( торғай - ларға жем шашу)
Балалар мына жерде апан бар екен, кәне, қарайық нені апаны екен?
Балалар: Аюдың апаны.
Тәрбиеші: Аю туралы тақпақ білеміз бе?
Балалар: Білеміз.
Ұлпан: Менің жазғы қорегім
Жеміс жидек тереміз,
Теремін де керегін
Қонжығыма беремін
Ал қыстайғы тамағым
Өзімнің май табаным
Сорамын да жатамын
Тәтті ұйқыға батамын.
Тәрбиеші: Балалар қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік, біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді, ақырын жүріп апан қасынан өтіп кетейік.
- Балалар ал мынау не екен?
- Аққала.
Тәрбиеші: Міне балалар біздің алдымызда, басқа балалар орманға саяхатқа келіп Аққала жасап кетіпті. Балалар қараңдаршы аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады.
- Пішіні қандай?
- Пішіні дөңгелек.
- Түсі қандай?
- Түсі ақ.
Жарайсыңдар балалар мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімнің үйі екен? Терезесін қағып көрейік.
Түлкі: Амансыңдар ма балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе түлкі.
Тәрбиеші: Балалар біз түлкі туралы тақпақ білеміз?
Балалар: Білеміз.
Мерей: Түлкі деген қу екен
Жүрген жері шу еткен
Түздің жылпос бұл аңы
Артында көп ылаңы
Сүп - сүйір боп ауызы
Аңдардың қу жауызы
Бір амалын тапсақ қой
Ұстап тісін қақсақ қой
Терісінен көрікті
Киер едік бөрікті.
Түлкі: Жарайсың балақай, менде сендермен бірге жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: Иә, бізбен бірге жүр. Балалар тоңып қалдық аңдармен ойын ойнасақ қалай болады?
Қоян: Мен ойласам бола ма? Ендеше қимылды ойын ойнайық. Аяз десем - секіреміз. Шуақ - десем - тоқтаймыз. 2 рет.
Тәрбиеші: Балалар біздің бала бақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық!
Түлкі мен қоян кетеді, сау болыңдар деп. Көзімізді жұмып, сиқырлы қалпақ пен шапанның көмегімен балабақшаға қайтайық.
- Міне балалар біз балабақшаға келдік.(балалар отырады).
- Балалар біз орманнан нелерді көрдік?
- Қоян, түлкі, аюдың апаны, шырша, аққала, талдарды көрдік.
- Ал енді балалар біз қазір қардың суретін саламыз, қолымызға бірінші шүберектерімізді алып. Сосын мына тіс пастасы арқылы саусағымыздың басымен жауған қардың суретін саламыз.
Тәрбиеші: Балаларға сурет салу, техникасын көрсетеді.
Балалар суреттерді жерге тізіп қойып балаларға айтады. Балалар біз бүгін ненің суретін салдық.
- Қардың.
- Дұрыс айтасыңдар балалар мына жердің барлығы қар болып кетті.
Балалар қарды орысша қалай айтамыз?
Қар - снег, ақ - белый, қыс - зима.
Балалар мінекей мен бүгін сендердің ата - аналарыңа хат жаздым - деп хатты көрсетіп оқып береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?