» » » » Балабақша сабақ жоспары: Түрлі түсті шарлар

Балабақша сабақ жоспары: Түрлі түсті шарлар

Балабақша сабақ жоспары: Түрлі түсті шарлар казакша Балабақша сабақ жоспары: Түрлі түсті шарлар на казахском языке
І кіші «көбелектер» тобының оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: «Сурет»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы: «Түрлі түсті шарлар»
Мақсаты: Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: шарлар, қылқалам, гуащ, сүлгі, ойын құралдары және т. б.

Мотивациялық қозғаушы
1. Шаттық шеңбер
Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.

Іздену - ұйымдастырушы
Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.
Қараңдаршы, бұл не?
Ашып көргілерің келе ме?
Ендеше сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Ұшамын тауда қалақтап,
Қолың жетсе алып бақ
Қызыл - жасыл түсім бар
Соңымнан кәне, ұшыңдар.
(шар).
Сандық ішінен түрлі түсті шарлар ұшып шығады.
Балалар, бұл шарлар екен.
Шарлардың түстер қандай?
(қызыл, жасыл, сары, көк)
Балалар, мынау шар. Шар резенкадан жасалады. Шарды түрлі - түсті бояулармен бояиды. Шарлар үріледі, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң баптайды себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады.
Түстері: қызыл, көк, жасыл, сары.
Пішіні: сопақша, дөңгелек.
Шарды ауаға салу.

Тапсырма: «Берілген суретті бояу»
(Сурет салу кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу)
Тәрбиеші: - Балалар орынымызға жайғасайық. Сурет салмас бұрын біз өзімізге ұнайтын түсті таңдап аламыз.
Қандай түсті таңдайсыңдар?
Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Енді әрқайсымыз берілген қағаздың бетін боясақ, қандай сурет шығатынын көреміз.
Тәрбиеші: Қандай әдемі, суретші екенсіңдер.
Ал балалар сендердің қағаздарыңнан қандай сурет шықты?
(Әр баладан сұрап өтеді)
Тәрбиеші: - Ал балалар көрдіңдер ме? неше түрлі - түсті шарлар шықты. Әр қайсымыз суретті жақсы салыпсыңдар.
Ал енді балалар ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Шардың жібін тап»
Шарты: Түсіне қарай шарды іліп түсіне қарай жіпті байлайды. Осылай ойын әрі қарай жалғасады.
Тәрбиеші: ---- сен шыға ғой. Сен қандай шарды таңдайсың?
Жақсы шарды алып, тақтаға іл.
Ал енді шарымыз ілінді, ал оған не байлаймыз?
Дұрыс айтасың. Сен қандай түсті шарды ілсең сондай түсті бауды таңдап алып, шарға байлайсың. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 70 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Түрлі түсті шарлар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Түрлі түсті шарлар, балабақшаға Түрлі түсті шарлар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары бал, Балабақша сабақ жоспары: Түрлі түсті шарлар