5-6 жастағы балалардың дамуы

 5-6 жастағы балалардың дамуы

Алты жасқа қараған бала денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116см, салмағы – 21, 5кг, көкірек аумағы иығы, жанбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. Сонымен бірге ұл бала мен қыз баланың дене мүшелерінің дамуында айырмашылықтар байқала бастайды. Мысалы, қыз баланың көкірегі тез дамиды, саусақтарының салалығы әр түрлі болады. Ұл баланың дене мүшелерінің жетілуі бір - бірімен өте тығыз байланысты өтеді. Бес жаста баланың буындары, сүйектері (206), бас сүйегінің мөлшері, формасы, құрылысы жағынан әр түрлі дамиды. Дегенмен, бұл кезде сүйектері қатая қоймаған, иілуге икем келеді, (сондықтан жиі зақымданғыш) жығылудан, бір жерін ұрып - соғып алудан сақтаған жөн. Бұл кезде баланың ірі бұлшық еттері бір шама қатайғанмен, майда бұлшық еттері, саусақтары әлі де әлсіз.
Баланың мінез - құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, мидың алдыңғы бөліктері шапшаң дамиды, сондықтан күрделі ұғымдарды түсінеді (киім дегенде бала барлық киімнің түрлерін, ойыншық дегенде барлық ойыншықтардың түрлерін айта алады), ойыншықтар мен қуыршақтар мен әрекет жасай алады, бұл заттардың бәрін адамдар жасағанын түсінеді, қуыршақ театрының кейіпкерлерінің кейбір сөздерін, тақпақтарын жатқа айта алады.
Алты жасқа қараған баланың жүйке жүйесі одан әрі дамиды, қозу мен тежелу, әсіресе, тежелуі жетіле түседі. Тежелудің жетілуі мінез - құлық ережелерін оңай орындауға мүмкіндік тудырады, бірақ балаға жиі - жиі тежелу тапсырмасын көп бермей, оны мөлшерлеп отырмаса, жүйкесіне күш түсіріп, жүрегіне демалысына зиянды ықпал етеді. Бұл кезде жүйкенің қозғалғыштық қасиеті біраз жетіліп, баланың сұрақтарға тез жауап беру, әрекеті мен қозғалысын тез өзгерту, шапшаңдығын, шыдамдылығын, күшін дамытуға мүмкіндік жасайды. Алайда жүйкенің қозғалғыштық қасиеті әлі де жеткілікті дәрежеде емес, сол себептен де үлкендердің шұғыл жасалған тілегіне тез жауап қайтара алмайды. (Белгі бойынша жүгіру, секіру, тапсырманы орындау, т. б.)
5 - 6 жастағылар лексиканы игерумен, әр түрлі бірыңғай, бейнелеу сөздерін пайдалана, қолдана алу қабілеттерін игереді. Олар зат есімді, сын есімді, етістікті түрлендіріп қолдана алады. Мысалы, аю, қонжық, ақ аю, қара аю, т. б. Заттардың түсін, көлемін және басқа белгілерін де тауып айта алады, күрделі анықтауыш сөздерді де пайдаланады. Дамуы жақсы балалар күрделі қолданыстарды пайдаланса, тілінің дамуы шектеулі балалар жеке қимыл - әрекеттерді білдіретін етістіктерді пайдалана алады (бар, кел, әкел, жүр, тұр, отыр). Бұл, әрине, қосымша жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Баланың байланыстыра сөйлеуі естиярлар тобынан басталып, қалыптасады. Олар 30 - 60 сөзден әңгіме құрай алады. Ересектер тобында баланың сөйлеуі бәсеңсіп, тек өте қызықтырған әңгіме болса ғана 150 - 200 сөзді пайдаланып, әңгімелей алады. Олардың ойын, еңбек, т. б. әрекеттер кезінде сөйлеу белсенділігі алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 2 - 3 рет төмендейді. Бұның себебін зерттеушілер осы кезеңдегі сыртқы сөйлеудің іштей ойлануға ауысуынан іздейді, бұл түсінісу тілінің екі есе төмендеуіне әкеліп соғады. Сондықтан балалардың сөйлеу тілінің дамуына ерекше мән бере, басшылық жасау керек. Қоғамдық өмір құбылыстары туралы әңгімеге қарағанда балалар табиғат туралы әңгімеде сын есімді көп қолданады. Ересектер бір сөзді қайталауды, жалғауларды жиі пайдаланады жақсы көреді, сондықтан олардың сөйлемдері 20 сөзден де құралуы мүмкін. Ересектерге күрделі сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрауды, жалғауларды дұрыс пайдалануды үйреткен жөн. Бұл кезде 4 - 6 сөзден сөйлем құрай алады. Бірақ олар әлі сөйлемді дұрыс құрауды, дауыс ырғағын пайдаланып, сөйлемнің аяқталғанын білдіруді игермеген.
Ересектердің үлкендермен, құрдастарымен, қарым - қатынасы күрделеніп іс - әрекетінің мазмұны, түрі, (ойыны, еңбегі, оқуы) байи түседі, мақсатты әрекеті дамиды. Ойлаудың жоғарғы түрі көрнекті ойлауы, шығармашылықтың кейбір элементтері көрініс табады. Мұқият тыңдау, есте сақтау, еркін өзі басқару, танып - білген заттары мен құбылыстарын талдау, кейбір белгілерін ажырату, салыстыру, қарапайым қорытынды жасау қабілеттері дамиды. Азын - аулақ кедергілерді жеңуді, қолы жеткен нәтижесін дұрыс бағалауды, өзара көмектесуді игереді, бірге ойнайтын балалар тобы көбейеді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!