Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы

 Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы

Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы
Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады.

Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез - құлықтың болуына әсерін тигізеді. «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық - ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «Әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін дамытуға тырысамын. «Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты қандай көңіл - күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін және тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.
«Тыңдайық - ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым - қатынасты салыстыру, ата - бабадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы өте зор.
Біз жас өскіндерді адамгершілікке бағыттау мақсатында осы ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде барлық күш - жігерін жұмсауға, құрбыларына қолғабыс жасауға тәрбиелейміз. Осы арқылы бала өзіне баға берумен қатар белсенділігі де артады.
Сондай - ақ әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен тәрбиешінің басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» деген сөзі осыған дәлел бола алады. Біз, яғни тәрбиешілер бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Әрбір тәрбиеші тәрбиеленушілерінің балалық шағының қызықты болуын ескергені жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден - бір жолы. Ш. А. Амонашвилидің « Тәрбиеші өз жұмысын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың тәрбиешіге қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу де қоғам алдындағы борышымыз деп санаймын.
Осы міндеттерді ұрпақ тәрбиелеуде басшылыққа ала отырып, Қаныш Сәтбаевтың «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген сөзін педагогикалық ұстанымым ретінде қолданамын. Осындай данышпан, ғалым, даналарымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған нақыл сөздері тек қана балаларды ғана емес, бізді де рухани - адамгершілікке жетелейді. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?