Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ

Әңгіме:  Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ казакша Әңгіме:  Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ на казахском языке

Әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдің бірі Жапонияда ауқатты адамдар қарапайым өмір салтын ұстануға қатты мән береді екен. “Toyota”, “Sony” секілді ең бай 10 компанияның иелері ауданы 100 шаршы метрден аз үйлерде өмір сүреді екен. Жапондық байлардан: «Мұншалықты бай болуыңызға қарамастан неге тым қарапайым өмір сүресіз?» деп сұралғанда «Жапондық әдет-ғұрпымыз біздің асыра сілтеп ақша жұмсауымызды құптамайды» дейді. Иә, жапондық әдет-ғұрып осындай екен. Ал біздің әдет-ғұрып ше? Біздің әдет-ғұрыпта да дінімізбен ұштасатын обал, рәсуә деген ұғымдар бар, ысрапшылдыққа тиым салынады. Абай атамыз бекер мал-шашпақты дұшпаның деп атап өткен. Қайырымдылық жасау, сауап жинау деген ұғым бар. Бірақ мұны қаншалықты білеміз? Мұны бала-шағасына жастайынан құлағына құйып өсіріп жатқан отбасылар қаншалықты бар? Бір күндік напақасын таба алмай зарлап жүргендер өте көп. Ал бір жақта мың отбасыны тойдыратындай қаржыны бір түнде шашып шалқитындар да аз емес. Одан қалса той жарыс бар. Шет елден әртістер шақыртып немесе шет елге барып той жасап шашылып жатқандар бар. Ең зәулім сарайда, ең танымал әртістерді шақыртып, бірінен бірі озып той өткізу әдетке айналды. Мұның бәрі ақшаға тірелетін дүние. Ақша жетпесе банктен кредит алып той жасап жатқандар қаншама. Бір күнде өтіп кеткен той үшін, жылдап кредитін төлеп жатады.

Қазіргі таңда ауқаттылардың көбісі өз рахатымен әуре. Тіпті рахатын ойлап бала тәрбиесіне мән бермейтіндері бар. Ұшарын жел, қонарын сай білетін қалталы жастар ең қымбат көлік мініп, ешкімде жоқ киім киіп, ең қымбат ойын-сауық мекемелері мен түнгі клубтардың табалдырығын тоздыруда. Мұндай тәрбиемен өскен келешек элиталардан не күтуге болады?!

Бір қызығы нәпістік қалауларға миллиондап шығындануға даяр тұратындар, қайырымдылық жасау, көмек беру, жақсылық жасау секілді шараларға келгенде ат тонын ала қашады. Мұның бәрі дүниеге байланудан, нәпсіге берілуден, ашкөздіктен болады.

Қорыта айтқанда біздің ауқаттылар да бос ысырапшылықтардан тыйылып, оның орнына сауапты істерге ден қойса, еліміз шын мәнінде өркендемей ме?! Мейлі, қайырымдылық демейік, «аш адамға балық берме, қармақ бер» демекші, мәселен ақшаны оңды-солды шашудың орнына елге пайдасын тигізетін кәсіп, мекеме, зауыт, тым болмаса кішігірім цех немесе кеңсе ашса, көптеген жұмыссыздарға жұмыс орны, ел экономикасына үлес, халыққа қамқорлық болар еді. Мұндай игіліктерге бастама болған адам халықтың дұғасын, батасын алып, көп сауап жинайтыны сөзсіз. Бала-шағаны да байлыққа мастанбауды, қарапайым болуды, елге жанашыр, пайдалы азамат болуға тәрбиелеп, жоғарыда аталған обал, ысырап, сауап ұғымдарын санасына сіңдіріп өсіруге мән беру керек. Сонда ел болашағына мықты негіз қалаған боламыз.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Нұрбол Бимұрзаев Бекер мал шашпақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Нұрбол Бимұрзаев Бекер мал шашпақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Нұрбол Бимұрзаев Бекер мал шашпақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Нұрбол Бимұрзаев Бекер мал шашпақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган , Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер