Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

Әңгіме:  Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух казакша Әңгіме:  Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух на казахском языке

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. Оларды топ тобымен жүйрік поездарымызға отырғызып, алып зауыт-фабрикаларымызды, технологиялық орталықтарымызды аралатып еліміздің күші мен жетістіктерін көрсетеміз. Кейін Хиросима мен Нагасакиге апарып атом бомбасы жарылып, жылдар бойы шөп шықпаған алқаптарды көрсетіп: "Егер сендер өздеріңді жетілдіріп, алдыңғы көрген технологияларды игермесеңдер соңымыз осындай болмақ" деп айтамыз» дейді. Осы кезде түркі зиялыларынан бірі: «Бірақ бізде сіздердегідей Хиросимамыз жоқ қой» дейді. Сонда жапондық маман: «Сіздің Чанаккале соғыс майданыңыз ондаған Хиросимаға тең емес пе?» деген екен.

Бұл мысал тарихта ата-бабалар бастан кешірген қасіреттерден сабақ алуды, сондай халге тап болмау үшін білімді, еңбекқор болуды, еліне жанашыр, ұлттық рухты болуды дәріптеуді көрсетеді. Біздің тарихымызды да ашаршылық, соғыс, тар жол тайғақ кешкен күндер аз емес. Семей полигонында сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Біздің де осы мысалдағыдай жастарымызды өркениетке, жетістіктерге ынталандырып, өткеннен сабақ алуға, ұлттық санада жетілдіруге ат салысуымыз қажет.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Нұрбол Бимұрзаев Ұлттық рух туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Нұрбол Бимұрзаев Ұлттық рух на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Нұрбол Бимұрзаев Ұлттық рух туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Нұрбол Бимұрзаев Ұлттық рух на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные р, Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер