Тұғыры биік қазақ елім!

 Тұғыры биік қазақ елім!

Есекеева Мансия
11 сынып, №3 мектеп-интернаты
Көкшетау қаласы

«Елімді иесіз деймісің,
Жерімді киесіз деймісің», -деп Үмбетей жырау жырлап айтқандай, аталы жұртымызда,айбынды ұлтымызда киелі ерлер баршылық. Қазақ хандығы құрылғаннан бері еліміз жаугершілік заманда өмір сүрді, ұлы құл, қызы күң болмауы үшін ерлері де, әйелі де аянбай тер төгіп,ұлан ғайыр қазақ даласын бүгінгі күні бізге табыс етіп отыр. Еліміздің кең байтақ жеріне көз тіккен жоңғардың да,қалмақтың да сағын сындырып, еліміз жеңіске жетіп, тарих қойнауында қалған үлкен із болып, қанша соғыс пен көтерілістердің кесірінен қазақ азаматтарымыз жапа шегіп, халқы азайды. Бұл – халықымыздың шыңдалған,елдіктің рухын көтерген, ұрпаққа азаттық пен бостандық үлгісін көрсеткен, тағылымы мен үлгілері мәңгілік ескерілмейтін, шын мәніндегі бірлік пен азаттық шайқасы болды. Сондықтан да оның қайрат пен жігерге толы рухын жыршы-жырауларымыз, арқалы ақындарымыз бар қуатпен тебірене жырлап, өшпес мұра қалдырды. Орыс отаршылдығында болуы, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, ерлікпен шайқасулары, қазақ жастарының белсенді қатысулары, ұлы да, қыз да қатысқан бұл соғысқа үйіндегі әкесінің үмітін, шешесінің көз жасына қарамай, ерлікпен шайқасулары, елдік пен ерлікті,бостандық пен теңдікті жырлап, талай ұл, талай қазақ қыздары өмірінің гүл жайнаған шағында осы өмір есігін мәңгілікке жауып кетті. Қазақ қыздары қолдарына қару алып сапқа тұрып, соғысып, кеуделерімен жау оғын жауып ерлікпен қаза тапты. Осы аманат еткен көздің жасымен, жүректің лүпілімен, талай қанның, талай тердің төгілуімен жеткен бұл кең байтақ жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, келер қазақ ұрпағына аманат етіп, ұрпағымызды жалғастырып, еліміз бен жерімізді сақтайық.
Елдің арқауы бола білетін, елдің ұйтқысы бола білетін, ол әрине ел көсемі, ел болашағын нықтаушы, бүкіл жер жүзі мойындаған, халқымыздың алғыр да білікті көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз ел болашағын ойлап, ел тағдырын, ел үмітін арқалап келе жатыр.
Әр кез жасаған ісі мен ойлаған істерін жүзеге асыра білуі, оны дамытуы, елімізді алдыңғы қатарлы орындарға тартуы, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашуы, оны дамыған мемлекеттер қатарынан үздік орындарға көрсетуі, жаңа технологиялармен жабдықтауы, шет елден білікті мамандарды шақыртып , олармен тығыз жұмыс жасауда, елімізден білікті мамандар шығаруды көздеп, жастарға көп көңіл бөлуде. Елбасымыз әр кез өз жолдауларында қазақ халқының даму стратегияларын ұсынады. 2030 стратегиясын іске асырып, алға мақсат етіп 30 дамыған елдің қатарына және де 2050 стратегиясын ұсынды. 2017 жылы болатын EXPO-ны ұтып алуымыз осының барлығы еліміздің көшбасшысының алғырлы саясатында , халықпен жұмыс жасауының нәтижесі деп білемін. Елдің халқын бір шаңырақ астында жинауы, оның ішіне тағы да 130- дан астам ұлт өкілдерін тату- тәтті тұрғызып, бір атаның баласындай бір шаңыраққа қарауымыз бәрі де елбасымыздың жасап жатқан саясаты мен алғыр көшбасшы болуында.
«Тәуелсіздік» деген үлкен бір тарихи ұғым. Ол қаншама қазақ халқын қан жылатты. Оқуда жүріп, енді ғана жастықтың бал тамған шағына жеткенде сұм желтоқсан азабына қаншама жастардың өмірін қиды. Суық, ызғарлы желтоқсан айында аяздың да қаталдай болып, ызғарының шығып тұруы, жастардың қанын судай ағылып, үсік шалып, ай далада жатқан қоқыс ойларына тастаулары, алыс жаққа апарып ит пен құстарға жем болуы осы азапты көріп қан жылаған жас жүректерді атып немесе осындай қатаң жазаға ұшыратқан , жүректері елжіреген жастардың ата- аналары үйлерінде отырып, баласының не жағдайға душар болғанын білмей, келесі күндері бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп тез жетуге асықты бірақ амал нешік баласын, құшақтауға келген ата – ана тек баласының қабірін құщақтауға тура келді.
Тәуелсіздік таңы атты. Бүгінгі таңда тәуелсіздігімізге 22 жыл толып отыр. Қан мен жасты арқалаған бұл тәуелсіздікке біз,ұлдарымыз бен қыздарымыздың қаны мен жасы, тепкі мен қатал тағдыр соққысына ұшыраған талай қазақ әке мен шешені қан жылатқан бұл тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Бізге мұра етіп қалдырған қазақтың ұлы мен қызы жанын пида еткен бұл тәуелсіздікті біз ата- бабаларымыздың рухына тағзым етіп, талай жазаға ұшыраған қазақ жастарының ескерткіштері мен молаларына гүл шоғын апаруымыз қажет. Бізге жеткен бұл үлкен мұра мәңгілік өшпес тарих сахнасындағы жан тербетерлік оқиғаны біз ұмытпай қастерлеп келер ұрпағымызға жеткізу.
Халқымыз өр халық, болашағы мол халық . Еліміз терең тарих кезеңінен өтіп, бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Бүгінгі таңға дейін біз, қанша қиындықты бастан кешірсек те бүгінгі таңға жетіп отырмыз. Бүгінгі таңға дейін біз, қанша қиындықты өткеріп , аналардың көз жастары мөлтілдеп, соғысқа кеткен ұлы мен жарын аңсаумен, қалған қыздары мен ұлдарын асырау үшін басынан қаншама қиыншылық тауқыметін өткерді. Тәуелсіздік жолында құрбан болған, қазақтың ұлдары мен қыздарының әке- шешелер жастай мерт болған балаларын ойлап жүректері ауырған.
Еліміздің ертеңін ойлап, өз кезінде Ахмет Байтұрсынов та, Алаш зиялылары да, қазақ елім деп қаза тапқан, майданда жерін сақтаймын деп, тәуелсіздікті аламыз деп, қапеден мерт болған қазақ азаматтары айтып кеткен болатын.Ахмет Байтұрсынов осы бір өлеңінде :
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып, -деп қазақ елін бостандыққа, еркіндікке шақырған болатын.
Ел намысы – ұлт намысы. Қазіргі заман техниканың дамыған заманы.
Еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіреді және бәріміз ел болып осыған өз үлесімізді қосамыз.Өйткені, біз, қазақ елі, ерекше жерінің табиғи байлығымен болсын, елінің қонақжайлылығымен болсын, бәрімен өзгеше де ерекше халық. Елтаңбасын алсақ та, туын алсақ та бәрінде де азаттық жырланады, ал елтаңбада бейнеленген суреттер қазақтың бір шаңырақ астына жинауындағы ерекшелік. Еліміздегі кен орындарына баймыз, бірақ осы байлықты өзіміз пайдалана алмай, шетел атағын көтерудеміз, елімізге білікті мамандар қажет, сондықтан келер ұрпақ осы мамандықты жақсы меңгеріп, өз еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесімізді қосайық. Елімізді дамытуға ,көркейтуге аянбай еңбек етіп, өз еліміздің мәртебесін асқақтатуға баршамыз қатысайық.
Ел тәуелсіздігін сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуге жазсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?