Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан)

Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан) казакша Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан) на казахском языке

Маматшаев Ибрахим
8 сынып, №145 ЖББМ

Менің елім – Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтитын, ұлан байтақ даласы бар, Тәуелсіз Қазақ елі. Осынау ұлы даламыз бабаларымыздан қалған мирас. Бабаларымыз бұл сайын даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етті. Біз тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.
Тарихқа үңілер болсақ, сан ғасырлық тарихы бар Қазақ даласының, қазақ халқының көрмегені жоқ. Бабаларымыз небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірген

Жалпы қазақ көшпенді халық еді. Ру-руға, жүз-жүзге бөлініп өмір сүрді. Сол кездегі данагөй бабаларымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біртұтас халық болып жасауды аңсады. Абылайхан бабамыздың тұсында бұл арман іске асып, үш жүздің басы қосылып, біртұтас елге айналды. Тарихтан белгілі танымал тұлғалар елдің бірлігін сақтап қалу жолында аянбай еңбек етті. Халқымыз жаугершілік замандағы шапқыншылықты, зұлмат жылдардағы ашаршылықты, сұрапыл соғыс жылдарындағы қиыншылықтың барлығын басынан кешірді. Халқымыз жасымады, сағы сынбады. Қиыншылықтың барлығын қара нардай көтере білді. Осыншама қиындықты басынан кешіріп, жойылып кетудің аз-ақ алдында қалған кешегі көшпенді ел

– бүгінгі таңда төрткүл дүниеге танымал, отырықшы, дамыған елге айналды! Қазақ елі 1991 – жылы қызыл империя құрсауынан босап, өз тіуелсіздігін жариялады. Еліміз Қазақстан Республикасы болып аталып, өз шекарасын айқындады. Әрине тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оңай болмады. Елдігімізді сақтап қалу үшін ел ағалары күні-түні аянбай қажырлы еңбек етті.

Олар күдік пен үміт арасында еңбек етті. Ертеңіміз не болар? екен деген күдікпен өмір сүре жүріп, үмітпен ел болу жолындағы ауқымды жобаларды іске асырды. Уақыт өте келе сол ағаларымыздың үміттері ақталып, еңбектері оң нәтиже бере бастады. Еліміз өсіп-өркендеп, қазіргі таңда әлем таныған Қазақстан мемлекетіне айналды.

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 23 жыл толады. Осынау уақыт ішінде бағындырған белестеріміз аз емес. Еліміз қай саланы алып қарасақ та, қарыштап даму үстінде. Әрине бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасы. Мен ол кісіні ұлы бір көрегенді кемеңгерге теңер едім. Еліміздің бүгінгі таңда жетіп отырған жетістігі сол кісінің жүргізіп отырған салиқалы саясатының нәтижесі.

Бүгінгі таңда 130-дан аса ұлт пен ұлыс көк ту астында тату-тәтті өмір сүріп отыр. Болашақ жас буын үшін бүкіл жақсылық жасалып берілді. Ендігі бізге қойылар талап: осы мүмкіндіктерді орнымен пайдалана отырып, ғылым-білімді меңгеру, ел болашағына қызмет ету.

Қарап отырсам, біз қазақ халқы ешнәрседен кенде емеспіз. Қойнауы қазбаға толы Ұлан байтақ жеріміз бар! Табиғатымыз ауыз толтырып айтарлықтай әсем! Көл де, шөл де, нулы орман да, қыратты-ойпатты жазық дала да, аспанмен тірескен биік таулар да жеткілікті!

Олармен мақтана алатын алып тұлғаларымыз, ұлы ойшылдарымыз, ақын-жазушылыарымыз, ғалымдарымыз бар! Шүкіршілік!

Мен осындай өлкеде өмірге келгеніме қуанамын. «Менің елім – Қазақстан» деп көкірегімді керіп, мақтанышпен айта аламын! Еліммен, Елбасымызбен мақтанамын! Егемен еліміз Елбасымыз армандағандай Мәңгілік елге айналып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әманда биік болғай!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, шығарма Тәуелсіз қазақстан, тәуелсіздік туралы шығарма, скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма, тауелсиз казахстан шыгарма казакша, скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығар, Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан), Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com