» » » Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан казакша Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан на казахском языке
Сламия Әдемі
6 сынып, № 48 мектеп-лицейі

Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
Кең байтақ сан ғасырлық тарихы бар біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды отаным дейтін себебім, бұл жерде ата бабаларымыз тұрған енді сол жерде біз тұрамыз. Әрбір адал адам отанын сүйеді, отан үшін отқа да түседі. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды,- деп ойлаймын. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген қазақтың мақалы осының дәлелі.
Қазақстан көп ғасырлық тарихы мен мәдениеті бар ұлы мемлекет. Әрбір қазақ - жері үшін, елі үшін тайсалмай жаулардан өз жерін қорғаған. Қаншама атақты ақын жыраулар, қазақ жерінің табиғатының шексіз сұлулығын, байлығын және халқының батырлығын жырлады десеңізші.Ал бүгінгі Қазақстан талай ғасырлар бойы ата-бабам аңсаған тәуелсіз мемлекет, тұғыры биік, көк туы көк аспанда желбіреген егеменді ел. Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан өткізді десеңізші. Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздігін алуға тырысты.
Тәуелсіздігімізге әрбір қазақтың мақтанышы шексіз. Осы тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан Республикасы қарқынды дамып көптеген өзгерістер болды. Қазақ елі әлемге таныла бастады. Қазақстан экономикасында білім, денсаулық салаларында және шет елдермен дипломатиялық қарым қатынастар, сонымен қатар сауда саттық мықты дамуда. Ел басының саясаты жүзеге асып, отанымызда көптеген игі істер, алға қойған мақсаттар, шексіз армандар орындалып жатыр. Осының барлығы отанымыз үшін үлкен бақыт емес пе? Мен Отанымды мақтан етемін. Отаным, елім, жерім, ата-анам және өзім үшін білімімді жетілдіріп, болашақта аянбай еңбек етемін. Отанымды шексіз сүйемін! Отаныма деген махаббатым мәңгілік!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 69 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Менің Отаным – Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің Отаным – Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің Отаным – Қазақстан, шығарма Менің Отаным – Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Менің Отаным – Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Менің Отаным – Қазақст, Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы