Еңсесі биік Қазақстан!


Туған жер – әрбіріміздің жүрегімізде үлкен орын алады. Туған жер өткенмен, болашақпен байланыстырады десекте болады. Сондықтан да, адам болашақтан бастап туған жерге деген, Отанға деген сезімі оянады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықтан, татулықта бәріміз біргеміз. Бәріміз бірге жұмыла еңбектенудеміз. «Қазақстан несімен ерекшелінеді?» деген сұрақ ойландырады. Әрине, өзінің көп ұлттылығымен.

Туған жерім  - Қазастан,

Тәуелсіздігі жарасқан,

Көк байрағы желбіреп,

Көк аспанға ұқсасқан.

 

Түрлі елдер достасқан,

Еңсесі биік Қазақстан!

Құтты болсын елдігің,

Тәуелсіз біздің Қазақстан.

«Отансыз адам, армансыз бұлбұл» - деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы ешқашан Отансыз, Туған жерінсіз ғұмыр кешпейді. Мен өз кіндік қаным тамған туған жерім туралы кеудемді кернеп, мақтанышпен айта аламын. Менің кіндік қаным тамған жерім ол – Қазастан. Еліміздің жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған белестері өте көп және әлі алда. Біз тәуелсіз елміз. Бірақ та, тәуелсіздікті алу бізге оңай соққан жоқ. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға ұмтылды және армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз тәуелсіздік үшін күресіп көбі репрессияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсанда менің Қазастанным тәуелсіз ел болды. Өзіміздің ұлттық киіміміз, асымыз, тиынымыз, туымыз, елтаңбамыз бар. Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілі. Туымыз көк түсті. Көк түс бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді.  Иә, Туған жер ұзаққа қиып жібермейді. Яғни, қайда жүрсекте біздің жүрегіміз Қазақстан деп соғып тұрады. Отан ошақ басынан басталады. Кішкентай кезімізден біздің ойымызға Отанымыз – Қазақстан екендігі салынып келеді. Мен туған жер және өскен жер біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мқлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын, алқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін  өлкені  мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның – алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық» , -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз жерін сүю, өз ана тілін ардақтау  - әрбір адамзаттың бірінші міндеті.

 Жансая Райысбек


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. SmartMan
    SmartMan 24.12.2020 12:19
    0 + 0 -
    Қазақстан туралы шығарма күшті!

Келесі мақала жүктелуде...